Фируза Шәріпова келесі айқасының күнін жария етті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіби боксшы Фируза Шәріпова (11-1, 6 КО) рингке қашан оралатынын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Спортшы инстаграмына келесі айқасының 24 қазанда Қазан қаласында (Ресей) өтетінін жазды. Қарсыласының есімі таяу уақытта жария етіледі.

Еске салайық, 22 тамызда Шәріпова Қазанда танзаниялық Хэппи Даудиға (8-7-1, 4 КО) қарсы айқасып, бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. IBA тұжырымы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы титулы бәске қойылды. Бұл жекпе-жек қазақстандықтың 2019 жылдың сәуірінен бергі алғашқы айқасы.


Соңғы жаңалықтар