+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Форсайт-зерттеу: жас қазақстандықтар 2035 жылға қарай «Цифрлық номадтарға» айналады

2021 жылғы 1 шілде 15:18
Бөлісіңіз:
Форсайт-зерттеу: жас қазақстандықтар 2035 жылға қарай «Цифрлық номадтарға» айналады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Рухани жаңғыру» қоғамдық даму институты жүргізген форсайт-зерттеу барысында сессия қатысушылары 2035 жылы жас қазақстандықтың бейнесін қалыптастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда жастарға арналған қызмет көрсету орталықтары ашылады Жастарға арналған қызмет көрсету орталығы: Астаналық жастарды не мазалайды Сарапшы: Қазақстандық жастар жұмыста жасына байланысты кемсітуге тап болып жүр

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты ҚР АҚДМ қолдауымен болашаққа қатысты болжам жасауға мүмкіндік беретін Rapid Foresight әдіснамасы негізінде форсайттық зерттеулер ұйымдастырды. Өткізілген форсайт-сессияларға ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтың, мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтың, ҮЕҰ және т.б. өкілдері қатысты.

Сессияның бірі болашақ қазақстандықтың бейнесін қалыптастыруға арналды. Қатысушыларының пікірінше, жас қазақстандықтың бейнесі «цифрлық номад» анықтамасында көрініс тапқан. Осылайша, цифрлық номад икемділік пен өзін өзгертуге дайындық, әлемге кірігу және өсудің жеке бағдарламасына ие болу, жаһандық ойлау, барлық салаларда «санды» пайдалану және денсаулыққа маңызды капитал ретінде қарау сынды бірқатар маңызды құзыреттерге ие.

«Жаһандану процестері кәсіби және жеке құзыреттерге жаңа сұраныстар жасайды. Қазақстандықтың бейнесін қалыптастыру отбасы, білім және қоғам салаларында жүретініне күмән жоқ. 2035 жылға қарай олардың түбегейлі өзгеруі бек мүмкін», -делінген форсайт-сессиясының зерттеуінде.

Сессия нәтижелеріне сәйкес, отбасы мектеп және ЖОО жүйелері нарығының қажеттіліктеріне сәйкес келмеуіне байланысты тәрбие әдістері мен білім беру бағдарламаларын таңдау мәселесіне саналы түрде қарайтын болады. Көптеген отбасылар, мүмкін болса, үйде оқытуды жөн көреді.

Өз кезегінде, білім беру цифрға негізделетін болады.

«Мектеп жеке траекториялар мен оқу бағдарламаларын құра отырып, жеке тұлғаға бағдарланады. Жастар жоғары білімнің толық циклын емес, нақты құзыреттерді алуға бағытталған. Сертификаттау және қысқа мерзімді курстар бағдарламалары сұранысқа ие болады. Өмір бойы адам өз білімін жаңартуға немесе қайта оқуға мәжбүр болады», - делінген зерттеуде.

Форсайт-сессияға қатысушылардың пікірінше, жас қазақстандықтар сайлау және қоғамдық бақылау есебінен цифрлық үкімет арқылы саяси үдерістерге тартылады.

Сонымен қатар, орналасу енді өмірлік ресурстарға қол жеткізуге әсер етпейді.

Зерттеу еңбегінің толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT