Франция баға өсімін өтеу үшін халыққа азық-түлік талондарын шығарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Инфляцияның өсуі жағдайында Францияның бірнеше қаласы баға өсімін өтеу үшін халыққа азық-түлік талондарын бере бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат RT News App-қа сілтеме жасап.

Алайда Францияның кейбір қалаларының әкімдіктері ресми шешімді күтпей-ақ, 5, 20 және 30 еуроға купондар мен сертификаттарды өз бетінше шығаруға шешім қабылдады.

Халықты қолдауға арналған бұл шараларға қала әкімдіктері 37 миллион еуроға жуық қаржы жұмсады.

Табысы орташа және төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету идеясын Франция президенті Э.Макрон ұсынды. Бұл бастама шамамен 8 миллион французға пайдалы болады.


Соңғы жаңалықтар