Франция коронавирусқа қарсы күрес шараларын күшейтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Франция парламенті індетке қарсы шаралар туралы заң жобасын қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Құжаттың екі қаралымынан соң медициналық қызметкерлерді, өрт сөндірушілерді және әскерилердің бірқатар санатын міндетті түрде вакциналау туралы ереже енгізілді. Сондай-ақ, жобаға сәйкес, билік өзін-өзі оқшаулау режимін сақтамаған вирус жұқтырғандарға бақылауды күшейтеді.

АҚШ-тағы дәрігерлердің, медбикелердің, фармацевттердің мүддесін қорғайтын 50-ден астам ұйым медицина қызметкерлеріне коронавирусқа қарсы вакцинаны міндетті түрде салдыруға шақырды. The Washington Post газетінің хабарлауынша, бұл шақыру «елдегі вакцинацияның баяу қарқынына» байланысты медициналық қоғамдастықтың «барған сайын қатал ұстанымға» бет бұрғанын білдіреді.

Бірқатар елдерде коронавирустың тәуліктік жұқтыру дерегі бойынша антирекорд тіркелді: Иранда — 31 814 жағдай, Таиландта — 15 376 жағдай, Қазақстанда — 6 637 жағдай.


Соңғы жаңалықтар