Франция мен Германияда жас-кәрісіне қарамастан бүкіл халыққа вакцина салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға шолу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Франция вакциналау саясатын ресми түрде өзгертті.

12 мамырдан бастап егу орталықтары препарат дозасы болған жағдайда барлық азаматтарды жас ерекшелігіне қарамастан COVID-19 вирусына қарсы вакциналауды бастайды.

Бұл туралы президент Эммануэль Макрон хабарлады.

Германияда британ-швед компаниясының AstraZeneca препаратымен вакциналауға енді жас санаты мен мамандығына қарамастан барлық ересек азаматтар жазыла алады.

Бұған дейін неміс сарапшылары AstraZeneca екпесін 60 жастан асқан адамдарға қолдануды ұсынған болатын.

Австрия канцлері Себастьян Курц Еуропада бірыңғай санитариялық паспорт енгізу мәселесі бойынша тез арада шешім қабылдау қажеттігін атап өтті.

Ол сондай-ақ Еуропалық дәрілік заттар агенттігін ресейлік «Спутник V» вакцинасын тіркеу мәселесі бойынша шешім қабылдау процесін жеделдетуге шақырды.

«Австралия шекарасы шетелдік азаматтар үшін 2022 жылдың ортасынан ерте ашылмауы мүмкін» деді Сауда және инвестициялар министрі Дэн Техан.

Коронавирус инфекциясын жұқтыру Бразилияда да жоғары қарқынмен жалғасуда.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте 73 380 жаңа жағдайдың анықталғанын хабарлады.

Жапония билігі ел астанасы мен үш префектурада төтенше жағдайды 31 мамырға дейін ұзартуға ниетті.

Коронавирус шектеулері Токио, Осака, Киото және Хегода жүзеге асырылады.


Соңғы жаңалықтар