+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Францияда коронавируспен күреске армия тартылмақ

2020 жылғы 26 наурыз 09:05
Бөлісіңіз:
Францияда коронавируспен күреске армия тартылмақ

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Франция президенті Эммануэль Макрон сәрсенбіде COVID-19 коронавирусына қарсы күресте армиялық операцияның басталып, денсаулық сақтау жүйесіне қомақты инвестициялар салынатыны туралы жария етті. Бұл туралы France 24-ке сілтеме жасаған ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда соңғы анықталған 4 адам вирус жұқтырғандармен тығыз қарым-қатынаста болған Қызылордада коронавирусқа шалдыққан соңғы 3 науқас - Сырдария ауданының тұрғындары Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 700-ден асты

Вирустан ең көп зардап шеккен қалалардың бірі Мюлузда өткен баспасөз конференциясында сөз сөйлеген Макрон дағдарысты еңсеру бойынша жан жақты шаралар қолданылатынын айтты.

«Тұрақтылық» атты жаңа операцияның аясында армия материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз етуде көмек көрсетеді.

Сондай-ақ, Франция Кариб бассейні, Оңтүстік Америка және Үнді мұхитындағы теңіздің арғы жағындағы аумағынан пациенттерді тасымалдау үшін тікұшақтар жұмылдырады.

Еске сала кетейік, 25 наурыздағы жағдай бойынша, Францияда коронавирус жұқтырған адамдар саны 25 233-ке жетіп, 1331 адам көз жұмған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Еуропа, Коронавирус,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT