21:47, 22 Мамыр 2022 | GMT +6
Францияда туристер ұшағы апатқа ұшырап, бес адам қаза тапты
ПАРИЖ. ТАСС-ҚазАқпарат - Францияның оңтүстік-шығысында туристік ұшақ апатқа ұшырап, бес адам қаза тапты. Бұл туралы ақпаратты BFM телеарнасы таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға Изер департаментінде (Овернь - Рона-Альпі аймағы) болған. Полицияның хабарлауынша, ұшақ Лез-Адре коммунасында құлаған. Ол жергілікті аэроклубқа тиесілі және алғаш рет рейске шыққан. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Еске сала кетсек, Францияда жаңа үкімет құрамы жасақталды.