+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Францияда жастар арасында індет жұқтырғандар көбейді

2020 жылғы 1 тамыз 19:34
Бөлісіңіз:
Францияда жастар арасында індет жұқтырғандар көбейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Францияда өңірлік билік көшеде масканы міндетті түрде тағуды өз бетінше енгізу құқығын алды. Мұндай мәлімдемені ел үкіметі жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

20 шілдеден бастап елде үсті жабық қоғамдық орында маска тағу міндеттелген болатын.

Парижде шілде айының ортасынан бастап індеттің екінші толқыны жүруі мүмкін екені айтылған еді, бірақ олар бұл жағдайға дайынбыз деп сендіріп отыр.

«40-45 жасқа дейінгі адамдар арасында індетке шалдығушылар саны орташа көрсеткіштен асып түсті. Егде жастағы адамдарға әсер етіп, ауыр зардаптарға әкелген індет қазір жастар арасында тез таралуда. Жастардың қашықтықты сақтамауынан осындай жағдай болып отыр», дейді От-де-Франс аймағының денсаулық сақтау депртаментінің директоры Этьен Шампьон.

Мадридте де көшеде маска тағу міндеттелді. Оған қарсылық танытқан жағдайда 100 еуро айыппұл салынады. Испанияда бірнеше күн қатарынан тәулігіне коронавирус жұқтырған мыңнан астам жаңа жағдай тіркелуде.

Ауру жұқтырғандар саны күрт өсуіне байланысты бірқатар Еуропа елдері өз азаматтарына Испанияда демалудан бас тарту жөнінде кеңес береді. Дегенмен ел билігі жағдайды бақылауда ұстап отыр. Әсіресе курорттық аймақтарда бірқатар талаптар енгізілген.

Сонымен, Германия СІМ жұма күні неміс туристері арасында кеңінен танымал аудандар Каталония, Арагон және Наварраға сапар шегу қауіпті екенін айтып, ескерту жасады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT