+7 (701) 759 90 19
USD 417.9 EUR 503.07
RUB 5.64 CNY 64.7
Jańalyqtar

«Фукусима-1» атом электр станциясында аса қауіпті радиациялық аумақ анықталды

2021 жылғы 27 қаңтар 16:21
Бөлісіңіз:
«Фукусима-1» атом электр станциясында аса қауіпті радиациялық аумақ анықталды

ТОКИО. KYODO NEWS-ҚазАқпарат - «Фукусима-1» атом электр станциясының зардап шеккен үш энергоблоктарының жоғары бөлігінде радиациялық белсенділігі аса жоғары аумақ анықталды. Бұл туралы Атом энергетикасын бақылау мемлекеттік комитетінің сәрсенбі күнгі бекітілген баяндамасында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды Ақтөбеде цистернадан төгілген жанармай 945 шаршы метр аумаққа жайылған Эксклюзив: Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен сұхбат

Баяндамада 2011 жылдың наурызындағы апат кезінде тасталған цезий изотропының оннан бір бөлігі жиналып қалғандығы атап көрсетілген.

Аса жоғары радиобелсенділік ошақтары бүлінген реакторлардың корпусын жауып тұратын үш темірбетон қалпақ маңындағы үш энергоблокта орналасқан. Ол жердегі сәулелену дәрежесі сағатына бірнеше зиверт болғандықтан, адамды небәрі бірнеше сағат ішінде өлтіріп жіберуі мүмкін. Сондай-ақ бұл жағдай атом станциясын бөлшектеу жұмысын баяулатады.

2011 жылдың наурызында «Фукусима-1» АЭС-те цунами салдарынан энергожабдықтау және суыту жүйелері істен шығып, үш реакторда ядролық отын балқыды, соның салдарынан сутек атылып, атмосфераға радиация тарады. Жақын маңдағы елді мекендер ластанып, 165 мың адам эвакуацияланған болатын. Қазіргі күні бұл аудан айтарлықтай тазартылған, тұрғындардың көп бөлігі мекеніне қайта оралды.

Қазір АЭС-те тарату жұмыстары жүріп жатыр, станцияны қалпына келтіру үшін кем дегенде 40 жыл қажет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT