+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Футбол: «Ақжайық» биылғы маусымда алғаш рет тең ойнады

2021 жылғы 22 маусым 22:46
Бөлісіңіз:
Футбол: «Ақжайық» биылғы маусымда алғаш рет тең ойнады

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан чемпионатының 17-турында Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
UEFA Конференция лигасы: «Тобыл» Хорватияның командасын жеңді UEFA Конференция лигасы: «Шахтер» жарысты жалғастырады UEFA Конференция лигасы: Бүгінгі ойындарды қайдан көруге болады

Матч тағдыры екінші таймда шешілді.

Алдымен 54-минутта «Ақжайық» сапындағы украиналық шабуылшы Николай Ковталюк есеп ашты. Бұл оның осы біріншіліктегі алтыншы голы еді. Алайда тоғыз минуттан кейін алаң иелерінен белоруссиялық Павел Назаренко өз қақпасына гол соғып алды.

Осылайша қос команда 1:1 есебімен тең тарқасты.

Бұған дейін 8 матчта жеңіске жетіп, соншама ойында ұтылған «Ақжайық» алғаш рет қарсыласымен тең түсті.

Турнир кестесінде 25 ұпаймен әзірге төртінші орнын сақтап қалған украиналық маман Владимир Мазярдың шәкірттері келесі кездесуін 27 маусым күні Оралда «Таразбен» өткізеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» сырт алаңда «Қызылжардан» басым түскенін жазған болатынбыз.


Суреттер - Айбатыр Нұраш.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT