+7 (701) 759 90 19
USD 417.9 EUR 503.07
RUB 5.64 CNY 64.7
Jańalyqtar

Футбол: Алматының «Қайратына» неміс шабуылшысы келді

2021 жылғы 19 қаңтар 20:02
Бөлісіңіз:
Футбол: Алматының «Қайратына» неміс шабуылшысы келді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел чемпионы «Қайрат» командасына неміс шабуылшысы Штрели Мамба келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футболдан суперкубок кімге бұйырады Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады Түркістанда футболдан суперкубок ойындары көрерменсіз өтеді

«Қайрат» футбол клубы мәлім еткеніндей, Ш.Мамбемен екі жылға келісімшартқа қол қойылған.

Неміс ойыншысы 1994 жылы 17 маусымда Гёппингенде (Германия) дүниеге келген. Орталық шабуылшы, сонымен қатар қос қанатта да ойнай алады, оңқай.

Жасөспірім кезінде «Штутгарт», «Карлсруэ», «Кайзерслаутерн» сияқты командаларда доп тепті.

Кәсіпқой спорт жолын 2013 жылы «Хомбург» клубында бастады. Сондай-ақ «Гёппинген», «Грюнбах», «Фрайберг», «Зандхаузен» және «Энерги» (Коттбус) командаларының намысын қорғады.

Соңғы командасы – Екінші Бундеслигада өнер көрсететін «Падерборнда» екі маусымды өткізді.

Ш.Мамба 2019-2020 жылғы маусымда «Падерборн» сапында Бундеслигада ойнады. 24 матчта 5 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. 24 кездесудің 18-інде негізгі құрамда алаңға шықты.

Футболшы Германияның түрлі лигаларында 199 матчта қарсыластар қақпасына 65 гол соқты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қостанайдың «Тобылы» алты футболшымен қоштасқанын жазған болатынбыз.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT