12:24, 03 Шілде 2020 | GMT +6
Футбол: Чемпиондар лигасының ойын кестесі белгілі болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA 2020/21 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының кестесін жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі 8 тамызда басталады. Топтық кезең 20 қазанда, ал плей-офф кезең 2021 жылдың 16 ақпанында өтеді.
Ал доданың финалы 29 мамыр күні Стамбулда өтеді. Чемпиондар лигасының жарыс кестесі келесідей:
Іріктеу:
Алғашқы кезең - 8-11 тамыз
Бірінші іріктеу кезеңі - 18-19 тамыз
Екінші іріктеу кезеңі - 25-26 тамыз
Үшінші іріктеу кезеңі - 15-16 қыркүйек
Плей-офф - 22-30 қыркүйек
Топтық кезең:
1-тур - 20-21 қазан
2-тур - 27-28 қазан
3-тур - 3-4 қараша
4-тур - 24-25 қараша
5-тур - 1-2 желтоқсан
6-тур - 8-9 желтоқсан
Плей-офф:
1/8 финал - 16 ақпан, 17 мамыр
1/4 финал - 6 сәуір, 14 сәуір
1/2 финал - 27 сәуір, 5 мамыр
Финал - 29 мамыр (Ыстамбұл)