Футбол: «Қайрат» «Астанадан» 14 ұпайға ұзап кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 15-турында үш ойын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басты кездесудің бірі Қостанайдың «Тобыл» және Алматының командалары арасында өтті. Екеуі турнир кестесінде көш басында келеді. Сондықтан бүгінгі кездесу тартысты өтетіні белгілі еді.

Ойын барысында «Қайраттың» басымдығы айқын аңғарылып тұрды. Олардың қатарынан Абат Айымбетов 8, Ғафуржан Сүйімбаев 28, Небойша Косович 44-минутта мергендік көрсетті. Қорытынды есепті 67-минутта алматылық шабуылшы Вагнер Лав белгіледі. Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсті.

Бүгін Талдықорғанның «Жетісуы» Қызылорданың «Қайсарын» 3:1, Шымкенттің «Ордабасы» клубы Ақтаудың «Қаспийін» 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Қазір турнир кестесінде 15 ойыннан кейін 38 ұпаймен «Қайрат» келеді. Ол бас жүлдеге негізгі үміткер - елордалық «Астанадан» 14 ұпайға ұзап кетті. Дәл қазір «Астана» Көкшетаудың «Оқжетпес» клубын 2:0 есебімен жеңіп жатыр. Елордалық клуб сапынан Тигран Барсегян 11, Марин Томасов 29-минуттарда көзге түсті.

Аталған турда соңғы ойын 27 қазанда Петропавлдың «Қызылжар» және Қарағандының «Шахтер» командалары арасында өтеді.


Фото: fckairat.com
Соңғы жаңалықтар