+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Футбол: «Қайратқа» ресейлік жартылай қорғаушы келді

2020 жылғы 26 наурыз 20:27
Бөлісіңіз:
Футбол: «Қайратқа» ресейлік жартылай қорғаушы келді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Алматының «Қайрат» командасы құрамына ресейлік жартылай қорғаушы Кирилл Колесниченко қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі команда сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда жаңа футбол клубы құрылды Алматыда жеткізу сервисі түнгі 10-ға дейін жұмыс істейтін болады Өскемендегі барлық сауда орындары жабылатыны жайлы ақпарат жалған – әкімдік

Кирилл Колесниченко 2000 жылдың 31 қаңтарында Ресейдің Волгоград облысының Камышин қаласында дүниеге келген. Он бір жасынан Мәскеудегі «Чертаново» футбол мектебінде тәлім алды. Он бес жасында Ресейдің кәсіпқой футбол лигасында алғашқы ойынын өткізді. Осылайша Ресейде кәсіби деңгейде ойнап жүрген жас футболшы атанды. 2015 жылы Ресейдің 16 жасқа дейінгі құрамасына шақырту алды. Сол елдің Премьер-лигасындағы алғашқы ойынын 2018 жылы Хабаросвк қаласының «СКА-Хабаровск» командасында өткізді. Одан кейін қайтадан «Чертаново» клубына оралып, онда 30 ойында 6 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

«Қайрат» командасының басшылығы Кирилл Колесниченкомен үш жылға келісім-шартқа отырды.

Қазақстан Премьер-лигасының трансферлік мерзімі 3 сәуірге дейін созылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT