Футбол: «Қайсар» қатарына ресейлік қорғаушы қосылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорданың «Қайсар» командасы құрамында биыл ресейлік қорғаушы Алексей Шумских ойын көрсететін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А.Шумских 1990 жылдың 1 шілдесінде Ресейдің Барнаул қаласында дүниеге келген. Үлкен футболға алғашқы қадамын жергілікті «Динамо» клубында бастаған ол кәсіби деңгейде Ресейдің «Торпедо» (Мәскеу), «Спортакадемклуб», «Сатурн-2», «Нефтехимик», «Зенит» (Пенза), «Строгино», «Калуга», «Химки», «Томь» клубтарының намысын қорғады. 2018-2019 жылдарда ол «Томь» клубында 45 ойында жасыл алаңға шығып, қарсыластар қақпасына 4 гол соқты.

Бұдан бұрын «Қайсар» басшылығы қорғаушылар - Елдос Ахметов және Бағдат Қайыров, грузиялық шабуылшы Элгуджа Лобжанидзе, кабо-верделік жартылай қорғаушы Алвин Фортес, украиналық қорғаушы Ризван Аблитаров, мозамбиктік Файфе Режиналдомен келісімшартқа отырған болатын.


Соңғы жаңалықтар