Футбол: «Қайсар» құрамына жаңадан ойыншылар қосылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық «Қайсар» бірқатар футболшылармен келісім-шартқа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдағы маусымда Армения құрамасының шабуылшысы Гегам Кадимян қызылордалық клуб намысын қорғайды. 1992 жылдың 19 қазанда дүниеге келген ол бұдан бұрын Украина, Армения және Беларусь елдерінде доп тепкен.

Черногориялық 29 жастағы шабуылшы Стефан Денкович те биыл «Қайсардың» құрамында болады. Ол бұған дейін Израиль, Сербия, Венгрия, Беларусь, Польша елдерінің командаларында ойнаған.

Ресейлік 27 жастағы қорғаушы Егор Потапов биылғы жылы қызылордалық команда сапына қосылды. Футболшылық мансабында Чехия, Ресей, Литва, Эстония, Қырғызстан елдерінде шеберлігін арттырған.

Былтыр Ресейдің СКА (Хабаровск) клубында ойнаған қазақстандық Арман Кеңесов те «Қайсардың» құрамын толықтырды. Сондай-ақ, ол бұған дейін Павлодардың «Ертісінде» доп тепті.

Сондай-ақ, ұзақ жылдан бері қызылордалық ұжым құрамында ойнап жүрген Думан Нәрізлдаевпен келісім-шарт тағы да ұзартылды.

Айта кетейік, биыл «Қайсар» клубына жаңа бас бапкер тағайындалды.



Соңғы жаңалықтар