+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Футбол: Суперлиганың жобасы өзгертіледі

2021 жылғы 21 сәуір 08:33
Бөлісіңіз:
Футбол: Суперлиганың жобасы өзгертіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футболдан Суперлиганың жобасы одан алты ағылшын командасы шыққаннан кейін қайта қарастырылады. Бұл туралы ұйымның баспасөз хабарламасына сілтеме жасап Associated Press журналисі Роб Харрис Twitter-дегі парақшасында жазды.

Ұқсас жаңалықтар
Футболдан Еуропа лигасы: Финалға шыққан екі команда анықталды Футболдан Еуропа лигасы: Бүгін финалға шыққан командалар анықталады «Қайрат» ойыншысы соққан гол Чемпиондар Лигасының үздік төрттігіне кірді

Бұдан бұрын «Арсенал», «Ливерпуль», «Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед», «Тоттенхэм» және «Челсидің» Суперлигадан шығатындағы туралы мәлім етілген. Италияндық Sky Sport спорт телеарнасының журналисі Фабрицио Романоның ақпаратынша, жақын арада осы елдің «Милан» мен «Интер» командалары да Суперлигадан кетпек.

«Қазіргі жағдайды ескере отырып, жобаны өзгерту бойынша ең тиімді қадамдарды қарастыруымыз керек, - делінген баспасөз хабарламасында. – Қысым жасаудың салдарынан кетуге шешім қабылдаған ағылшын клубтарының мәлімдемесіне қарамай, біз ұсынысымыздың еуропалық заңнама мен нормативті актілерге толығымен сай келетініне сенімдіміз».

Дүйсенбі күні Еуропаның 12 мықты футбол клубы тамыз айында Суперлига құратындықтары жайында жоспарланғанын мәлімдеген еді. Бұлар – ағылшындық «Манчестер Юнайтед», «Манчестер Сити», «Тоттенхэм», «Ливерпуль», «Челси» және «Арсенал», испандық «Барселона», «Атлетико» және «Реал», италиялық «Милан», «Интер» және «Ювентус». Олар жаңа турнирдің құрушы клубтары қатарына кірді.Сондай-ақ кейінірек тағы үш клуб қосылатыны туралы да айтылған болатын.

Сейсенбі күні турнирдің негізін құраушы клубтар жиналып, бұл жағымсыз әрекеттен кейін доп додасын тарқату мәселесін талқылады.

Еуропа футбол одағы қауымдастығы (УЕФА), Англия, Испания және Италияның ұлттық футбол федерациялары басшылығы және осы елдер чемпионаты Суперлиганың құрылуына қарсы шықты. Олар бұл клубтардың ұлттық турнирлер мүшелері қатарынан шығарылатыны және алдағы уақытта УЕФА атынан ойнай алмайтыны жөнінде мәлім етті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT