Футболдан Чемпиондар лигасы: «Бавария» өз алаңында жеңіліп қалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA Чемпиондар лигасы 1/4 финалында 7 сәуірде екі ойын өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алғашқы жұпта «Порту» (Португалия) мен «Челси» (Англия) командалары кездесті. Бұл ойында ағылшындар 2:0 есебімен жеңіске жетті. Олардың қатарынан Мэйсон Маунт 32, Бенджамин Чилуэлл 85-минутта мергендік танытты.
Тағы бір ойында «Бавария» (Германия) мен «Пари Сен-Жермен» (Франция) командалары шеберлік байқасты. Кездесу барысында қос команда бес гол соқты.
Алдымен «Пари Сен-Жермен» сапынан Килиан Мбаппе 3, Маркиньос 28-минуттарда мергендік танытты. Оған «Бавария» қатарынан Эрик Шупо-Мотинг 37, Томас Мюллер 60-минуттарда қос голмен жауап қайырды. Ойын нүктесін 68-минутта Килиан Мбаппе қойып, кездесудегі екі голдың авторы атанды. Осылайша неміс клубы өз алаңында қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді.
Енді қарымта ойындар 13 сәуірде өткізіледі.
Айта кетейік, бұдан бұрын ширек финалда тағы екі ойын өткізілді. Испанияның «Реал Мадрид» клубы «Ливерпульді» 3:1, Англияның «Манчестер Сити» клубы Германияның «Боруссия Дортмунд» командасын 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Финал 29 мамырда Түркияның Ыстанбұл қаласындағы «Ататүрік» олимпиадалық стадионында өтеді.
- Футбол: Суперлиганың жобасы өзгертіледі
- Токио Олимпиадасына қатысатын атлеттер күн сайын тестілеуден өтеді
- Сайрам ауданында кәсіпкер тойханасын спорт нысанына айналдырды
- Ресейдегі халықаралық турнирде қазақстандық төрт боксшы жарысты жалғастырады
-
Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстандық төрт жас спортшы финалға шықты
-
Бокстан әлем чемпионаты: Екі қазақстандық бойжеткен финалға шықты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам