Футболдан Чемпиондар лигасы: «Бавария» жартылай финалға шыға алмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалына жолдама алған екі команда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы кездесуде «Челси» (Англия) мен «Порту» (Португалия) командалары кездесті. Ширек финалдың алғашқы ойынында ағылшындар сырт алаңда 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бүгін командалар бір-біріне лайықты қарсылық көрсетті. Десе де бір гол 94-минутта Мехди Тареми соққан еді. Осылайша португалдар 1:0 есебімен басым түскен болатын.

Екі ойынның қорытындысымен «Челси» жартылай финалға жолдама алды. Енді олр жартылай финалда Ливерпуль» мен «Реал Мадрид» жұбының жеңімпазымен жұп құрайды.

Тағы бір кездесу «Бавария» (Германия) мен «Пари Сен-Жермен» клубтары арасында өткізілді. Неміс футболшылары бір апта бұрын өткенде кездесуде өз алаңында қарсыласына 2:3 есебімен жеңіліп қалған еді. Сондықтан олар үшін бүгін екі доп айырмасымен жеңу керек болатын. Ойынның 40-минутында Эрик Шупо-Мотинг есеп ашқан еді. Бұдан кейін тағы да гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Кездесуде неміс командасы қарсыласын 1:0 есебімен жеңді.

Қос ойынның қорытындысымен «Пари Сен-Жермен» жартылай финалға шықты. Енді олар жартылай финалда «Боруссия Дортмунд» пен «Манчестер Сити» жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады.

Бүгін, 14 сәуірде ширек финалда тағы екі ойын болады. Бұл жолы «Боруссия Дортмунд» (Германия) пен «Манчестер Сити» (Англия), «Ливерпуль» (Англия) мен «Реал Мадрид» (Испания) командалары шеберлік байқасады.

Финал 29 мамырда Түркияның Ыстанбұл қаласындағы «Ататүрік» олимпиадалық стадионында өтеді.


Соңғы жаңалықтар