Футболдан ел біріншілігін жалғастырудың екі жоспары анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан біріншілігін жалғастырудың екі жоспары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының қазақстандық футбол клубтары басшыларымен видеоконфренция барысында жан-жақты таразыланды.

Алғашқы мерзімі 15 маусымға белгіленді. Ойындар жанкүйерсіз өткізіледі. Екінші жоспар бойынша жанкүйерсіз 1 шілдеге жобаланды. Айта кетерлігі, оның әрбірі еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты уәкілетті органдар рұқсаты негізінде жүзеге асатын болады.

Сондай-ақ, аталған шара барысында футболдан Қазақстан кубгогын өткізу жобасы талқыланды.

Естеріңізге сала кетелік, футболдан Премьер-лига командалары араындағы ел біріншілігі екі турдан кейін кейінген шегерілді.

Ал футболдан Германия біріншілігі қайта жалғасты.


Соңғы жаңалықтар