Футболдан ел біріншілігінде Тобыл Тұранмен тең түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 16-турында Қостанайдың «Тобылы» Түркістанда «Тұранмен» тең түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойын барысында қос команда жеңіске жету жолын іздеді. Турнир кестесінде көш басында келе жатқан «Тобыл» жылдам гол соғу мүмкіндігін қарастырды. Оған алаң иелері лайықты қарсылық көрсетті. Бірінші кезеңде таблодағы есеп өзгерген жоқ.

Екінші кезеңнің 60-минутында түркістандық клубтан Шоқан Абзалов есеп ашса, 83-минутта Чиди Осучукву есепті ұлғайта түсті. Осыдан кейін 86-минутта Сергей Малый бір голмен қайырса, 98-минутта Душан Йованчич пенальтиден таразы басын теңестірді.

Енді 2 шілдеде «Шахтер» мен «Ақтөбе», «Атырау» мен «Тараз», 3 шілдеде «Астана» мен «Мақтаарал», «Қайрат» пен «Ақжайық», «Ақсу» мен «Қызылжар» командалары жасыл алаңға шығады.

Ал 4 шілдеде «Ордабасы» мен «Каспий» командалары кездеседі .



Соңғы жаңалықтар