Футболдан ел біріншілігінің күнтізбесі жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан биылғы Қазақстан біріншілігінің күнтізбесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы хабарлады.

Естеріңізге сала кетелік, доп додасы 2 наурызда Қазақстан суперкубогы ойындарымен басталады. Бұл турнирде Алматының «Қайрат», Қостанайдың «Тобыл», елорданың «Астана» және Қарағандының «Шахтер» командалары сынға түседі. Финал 6 наурызда ойналады.

Қазақстан біріншілігінің алғашқы туры 13 және 14 наурыз күндері болады. Алдымен 13 наурызда «Қайрат» (Алматы) мен «Жетісу» (Талдықорған), «Арыс» (Түркістан облысы) пен «Астана» (Нұр-Сұлтан), «Атырау» мен «Шахтер» (Қарағанды) жасыл алаңға шығады.

Ал, 14 наурызда «Қайсар» (Қызылорда) мен «Тараз», «Каспий» (Ақтау) мен «Ақтөбе», «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақжайық» (Орал), «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қызылжар» (Петропавл) командалары шеберлік байқасады.

Доп додасы екі айналым бойынша өткізіледі. Соңғы тур 30 қазанда өтеді.


Соңғы жаңалықтар