+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Астана» көш басына шықты

2021 жылғы 18 сәуір 22:36
Бөлісіңіз:
Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Астана» көш басына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 18 cәуірде футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің алтыншы турында үш ойын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Бублик Рим мастерс турнирінің екінші айналымына шыға алмады Елордада грек-рим күресінен халықаралық турнир өз мәресіне жетті Шайбалы хоккей: Қазақстан құрамасы Беларусьпен жолдастық кездесу өткізеді

Алғашқы ойында «Тараз» өз алаңында Оралдың «Ақжайық» командасын жеңді. Кездесу тағдырын алаң иелері қатарынан 48-минутта Педро Эуженио соққан жалғыз гол шешті. Осылайша тараздықтар 1:0 есебімен жеңіске жетті. Аталған жеңісінен кейін «Тараз» турнир кестесінде 14 ұпаймен екінші орынға көтерілді.

Елордада «Астана» Қызылжардың «Қызылжар» командасын 3:1 есебімен тізе бүктірді. Кездесуде елордалық Абзал Бейсебеков 4-минутта есеп ашқан еді. Оған қызылжарлық командадан Әлібек Қасым 40-минутта бір голмен жауап берді. Одан кейін «Астана» сапынан Марион Томасов 65, Макс Эбонг 67-минуттарда гол соғып, қорытынды есепті белгіледі. Жеңісінен кейін елордалық клуб турнир кестесінде көш басына шықты.

Ал Қызылордада жергілікті «Қайсар» мен «Атырау» командалары 1:1 есебіне қанағат білдірді. Бұл ойында алаң иелерінен Каролис Лаукжемис 4-минутта есеп ашса, 83-минутта атыраулық Дмитрий Гузь таразы басын теңестірді.

Аталған турдағы қалған ойындар 19 сәуірде өткізіледі. Бұл күні «Жетісу» мен «Ордабасы», «Ақтөбе» мен «Шахтер», «Қайрат» пен «Тобыл», «Тұран» мен «Каспий» командалары кездеседі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT