Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Ордабасы» өз алаңында «Тұранға» есе жіберді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің тоғызыншы турында Шымкенттің «Ордабасы» клубы Түркістанның «Тұранымен» кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оңтүстік өлкенің қос командасы арасындағы кездесуде басты фаворит ретінде шымкенттік клуб аталған болатын. Өйткені, Премьер-лигаға биыл ғана қосылған түркістандық клуб өз ойынын таба алар емес. Нәтижесінде турнир кестесінде соңғы орынның бірінде тұрды.

Бүгінгі кездесуге «Тұран» тас-түйін дайын шыққан секілді. Азулы қарсыласынан қаймыққан жоқ. Ойынның 30-минутында түркістандық футболшы Темірлан Әміров алаң иелерінің қақпасын дәл көздеді.

Бүгінгі кездесуде «Ордабасы» қарсыласынан 0:1 есебімен басым түсті. Осылайша «Тұран» алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Кеше «Астана» сырт алаңда «Ақтөбені» 2:0 есебімен сүріндірген болатын.

Одан кейін «Атырау» өз алаңында Ақтаудың «Каспийін» 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Үшінші кездесуде «Тобыл» «Таразды» 3:0 есебімен жеңді.

Ал бүгін Алматының «Қайраты» Петропавлда «Қызылжармен» 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Дәл қазір аяқталған тағы бір кездесуде Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында Талдықорғанның «Жетісуынан» 3:2 есебімен басым түсті.

Енді тағы бір ойында «Шахтер» (Қарағанды) мен «Қайсар» (Қызылорда) командалары шеберлік байқасады.


Соңғы жаңалықтар