+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Шахтер» мен «Қайсар» тең түсті

2021 жылғы 3 мамыр 21:58
Бөлісіңіз:
Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Шахтер» мен «Қайсар» тең түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің тоғызыншы туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада грек-рим күресінен халықаралық турнир өз мәресіне жетті Шайбалы хоккей: Қазақстан құрамасы Беларусьпен жолдастық кездесу өткізеді Футзалдан Қазақстан біріншілігі: «Қайрат» «Атыраудан»  басым түсті

Бұл турдағы соңғы ойында Қарағандының «Шахтер» және Қызылорданың «Қайсар» командалары шеберлік байқасты. Кездесу елордада төріндегі «Астана-Арена» стадионында болды. Себебі, кеншілер қаласындағы стадион әзірге ойынды қабылдауға дайын емес.

Кездесу барысында қарағандылық ұжым сауатты қимыл көрсетуге тырысты. Екі команда бір-біріне көбірек шабуыл жасауға көңіл бөлді.

Нәтижесінде «Шахтер» футболшысы Виталий Балашов 7-минутта мергендігімен көзге түсті. Бұдан кейін қос команда тарапынан есепті өзгертетін бірнеше мүмкіндік болған еді.

Екінші кезеңнің 81-минутында Евгений Павлов өзінің қақпасына гол соғып алды. Осылайша таразы басы теңесті. Аталған кездесуде командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Тоғызыншы турдағы өзге ойындарда «Астана» сырт алаңда «Ақтөбені» 2:0, «Атырау» өз алаңында Ақтаудың «Каспийін» 2:1 есебімен тізе бүктірді. Ал «Тобыл» Қостанайда «Таразды» 3:0 есебімен жеңсе, «Қайрат» Петропавлда «Қызылжармен» 1:1 есебімен тең түсті.

Алдағы тур ойындары 8 және 9 мамыр күндеріне белгіленген. Алдымен 8 мамырда «Қайрат» пен «Шахтер», «Каспий» мен «Ордабасы», «Қайсар» мен «Ақжайық», «Тараз» бен «Астана» командалары кездеседі. Ал 9 мамырда «Жетісу» мен «Ақтөбе», «Тобыл» мен «Атырау», «Тұран» мен «Қызылжар» жасыл алаңға шығады.


Әділжан Үмбет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT