Футболдан Қазақстан кубогы: «Ақжайық» «Ақтөбені» ұтып, өз тобында көш бастады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралдың «Ақжайығы» Қазақстан кубогы ойындарын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші турда украиналық маман Владимир Мазярдың шәкірттері Ақтөбеде жергілікті

клубпен кездесті.

«Ақжайық» қақпасын алғаш рет ресейлік Степан Сикач қорғаса, оның отандасы, жартылай

қорғаушы Михаил Гащенков та тырнақалды матчын өткізді.

Бірінші таймда ресейлік Евгений Козлов орындаған 11 метрлік айып добын «Ақтөбе» қақпашысы Сергей Ревякин қайтарды. Бірақ Е.Козловтың өзі допқа бірінші болып жетіп, мүлт кетпеді.

Екінші таймда алаң иелері есепті теңестіруге мүмкіндік алды. Алайда Игорь Сергеев қақпаны

11 метрліктен дәл көздей алмады.

Есесіне Эльдар Абдрахмановтан пас алған Е.Козлов есепті 2:0-ге жеткізді.

Осылайша оралдықтар С тобында көш бастады.

Бұл топта кеше «Астана» мен қызылордалық «Қайсар» 1:1 есебімен тең тарқасқан болатын.

Еске сала кетейік, «Ақжайықтың» футболдан Қазақстан чемпионатының өткен, 19-турында

«Ақтөбеге» есе жібергенін жазған болатынбыз.

Ол матчта да «Ақтөбе» қақпасынан Е.Козлов саңылау тапқан еді.



Соңғы жаңалықтар