Футболдан Қазақстан кубогының үшінші кезеңінің жеребесі тартылды

None
None
НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Қазақстан кубогының үшінші кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, алғашқы екі кезеңнің нәтижесімен жарыстың аталған сатысына СДЮСШОР №8, «Оңтүстік Академия», «Ақсу» және «Мақтаарал» командалары өткен болатын.

Енді үшінші кезеңде СДЮСШОР №8 мен «Оңтүстік Академия», «Мақтаарал» мен «Ақсу» командалары өзара жұп құрады. Ойындар 21 мамырға жоспарланған.

Жеңімпаздар бір ойын қорытындысы бойынша анықталады. Ол кубоктың топтық кезеңіне қатысуға мүмкіндікке ие болады.

Топтық кезеңде барлығы 16 команда сынға түседі. Онда Премьер-лигада ойнайтын 14 ұжым қатарына іріктеу кезеңінде жеңімпаз болған 2 команда қосылады.

Оған қатысатын клубтар төрт топқа бөлініп, барлығы алты ойын өткізеді. Ол 10 маусымда басталып, 15 тамызда мәресіне жетеді.

Ширек және жартылай финал да сол тәртіппен жүргізіледі. Ширек финал 21-22 тамыз және 22 қыркүйекте өткізіледі.

Жартылай финал 6-7 қараша және 20 қарашада болады.

Финал бір ғана ойыннан тұрады. Ойын 28 қарашаға белгіленген.

Еске салсақ, 2 және 3 мамыр күндері Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің тоғызыншы туры өткізілді.


Соңғы жаңалықтар