Футболдан Қазақстан құрамасы FIFA рейтингісінде 11 cатыға жоғарылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол федерациялары ассоциациясының (FIFA) жаңартылған рейтингісінде Қазақстан құрамасы 11 cатыға жоғарылады. Оған құраманың UEFA Ұлттар лигасындағы сәтті ойындары оң әсер етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін, 23 маусымда халықаралық футбол федерациялары ассоциациясының (FIFA) жаңартылған рейтингісі жарияланды. Онда Қазақстан құрамасы 114 орынға көтерілді. Осылайша құрама бұрынғы орнынан 11 сатыға жоғарылаған.

Еске салсақ, бас бапкер Магомед Адиевтің жетекшілігімен қазақстандық футболшылар UEFA Ұлттар лигасында Әзербайжан (2:0) және екі мәрте Словакияны (1:0, 2:1) тізе бүктірді. Ал Беларусьпен (1:1) тең ойнады.

Нәтижесінде ол құраманың FIFA рейгтингісіндегі орнының жоғарылауына оң әсер етті.

FIFA рейтингісіндегі 2022 жылдың 23 маусымындағы көрсеткіш төмендегіше:

1. Бразилия - 1838 ұпай

2. Бельгия - 1822

3. Аргентина - 1771

4. Франция - 1765

5. Англия - 1737

6. Испания - 1717

7. Италия -1714

8. Нидерланды -1680

9. Португалия - 1679

10. Дания - 1665

51. Словакия -1440

96. Беларусь - 1227

114. Қазақстан - 1166

128. Әзербайжан - 1127.

Қазақстандық футболшылар енді 22 қыркүйекте Беларусьті қабылдаса, 25 қыркүйекте сырт алаңда Әзербайжанмен шеберлік байқасады.


Соңғы жаңалықтар