Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы: «Қайрат» жетінші жеңісіне жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының сегізінші турында соңғы екі ойын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдымен, Қостанайдың «Тобыл» және Петропавлдың «Қызылжар» командасы кездесті. Ойын барысында қостанайлық клуб сапынан Дмитрий Мирошниченко - 35, Азат Нұрғалиев 49-минуттарда гол соқты. Ойында «Тобыл» 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Соңғы кездесуде Алматының «Қайраты» мен Қызылорданың «Қайсар» командалары жасыл алаңға шықты. Көш басында келе жатқан екі команда арасындағы тартыс қызықты өрбіді. Бірінші кезеңнің 44-минутында «Қайсар» сапынан Элгуджа Лобжанидзе гол соғып кетті. Оған 71-минутта алматылық Айбол Әбікен бір голмен жауап қайырды. Ал 90-минутта Адеринсола Эсеола жеңіс голын соғып кетті. Осылайша «Қайрат» 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл - алматылық клубтың биылғы доп додасындағы жетінші жеңісі. Айта кетейік, екі команда да 17 қыркүйекте Еуропа лигасында еліміздің намысын қорғайды.

Еске салайық, кеше сегізінші турдағы екі ойын өткізілді. Бұл күні «Жетісу» «Оқжетпесті» 1:0 есебімен басым түссе, «Шахтер» мен «Тараз» 1:1 есебімен тарқасты.

Бүгін «Астана» «Ордабасыны» екі пенальтимен 2:1 есебімен жеңіп кетті.

Енді тоғызыншы тур ойындары 18, 19, 20 қыркүйек күндері өткізіледі.



Соңғы жаңалықтар