Футболдан суперкубок кімге бұйырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 2 наурызда футболдан 2021 жылғы суперкубогы жалауын көтереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетелік, биыл аталған доп додасы жаңа форматта өткізіледі. Оған өткен жылғы біріншілікте алғашқы үш орынға ие болған командалар қатысады.

Былтыр Қазақстан кубогы ойындары өткізілмеуіне байланысты төртінші орынға тұрақтаған клуб та доп додасында бақ сынау мүмкіндігіне ие болды.

Бүгінгі жеребе нәтижесінде жартылай финалда 2 наурызда «Шахтер» мен «Астана» командалары өзара кездеседі. Ойын елорда уақытымен 15.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ал 3 наурызда «Тобыл» мен «Қайрат» бақ сынасады.

Үшінші орын үшін сайыс 5 наурызда болса, финал 6 наурызға белгіленген.

Айта кетейік, аталған доп додасы Түркістан қаласындағы «Түркістан-арена» стадионында өтеді.

Аталған турнирдің жүлде қоры 40 миллион теңгені құрайды. Ол жеңімпаз және жүлделі орындарға қол жеткізген командаларға беріледі.

Бүгінгі күнге дейін суперкубокта ел чемпионы мен кубок иегері шеберлік байқасты. Финалда тоғыз команда бақ сынаған.

Олардың арасында «Астана» сегіз мәрте финалда ойнап, бес мәрте (2011, 2015, 2018, 2019, 2020) кубокты иеленді. Одан кейінгі кезекте Алматының «Қайраты» 5 мәрте финалда бақ сынап, үшеуінде (2016, 2017) жеңімпаз атанды.

Ал «Ақтөбе» 2 (2008, 2010), «Елімай» (1995), «Ордабасы» (2012), «Шахтер» (2013) командалары бір-бірден жеңімпаз тұғырынан көрінді. Сондай-ақ, «Атырау», «Восток» және «Тобыл» командалары суперкубокқа шыққанымен бірде-бір мәрте оған қол жеткізе алған жоқ.


Соңғы жаңалықтар