Футзал: Қазақстан құрамасы сынға түсетін топтың ойын күнтізбесі анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан 2020 жылғы әлем чемпионаты іріктеу сатысындағы элиталық кезеңіндегі Қазақстан құрамасының ойын күнтізбесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, Қазақстан құрамасы D тобында сынға түседі. Қарсыластары - Румыния, Словения және Чехия құрамалары. Аталмыш топтағы ойындар 2020 жылдың 2-5 ақпан аралығында өткізіледі.

Қазақстадық футзалшылар 2 ақпанда Румыниямен кездессе, 3 ақпанда Словениямен шеберлік байқасады. Ал 5 ақпанда қазақстандық құрама Чехиямен ойнайды.

Естеріңізге сала кетелік, Қазақстан құрамасы элиталық атысына жолдама алған жарыстың негізгі сатысында Албанияны 4:0, Голландияны 5:0, Румынияны 4:2 есебімен тізе бүктірді.

Әлем чемпионаты 2020 жылдың 12 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында Литвада өткізіледі. Онда барлығы 24 құрама сынға түседі. Қазақстандық футзалшылар бұған дейін әлем чемпионаты финалдық кезеңінде 2000 және 2016 жылдарда бақ сынады. 2016 жылы 1/8 финалға дейін жетті.

Соңғы жаңалықтар