Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» екінші ойынын франциялық командаға қарсы өткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін қазақстандық «Қайрат» футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы элиталық сатысындағы алғашқы ойынын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, алматылық клуб А тобында сынға түседі. Қарсыластары - «ВитЭн» (Беларусь),«Аньер-Вильнев» (Франция) және «Тюмень» (Ресей) командалары.

Бүгін «Қайрат» «Аньер-Вильнев» клубымен шеберлік байқасады. Ойын елорда уақытымен 16.50-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

«Қайрат» бұған кейін 2 желтоқсанда беларусьтік «ВитЭн» клубынан басым түсті.

Үшінші ойында 5 желтоқсан күні «Тюмень» клубымен ойнайды.

Айта кетсек, алматылық команда жарыстың аталған сатысынла 15 мәрте қатысуға мүмкіндік алды.

Еске салсақ, алматылық клуб бұдан бұрын жарыстың негізгі сатысында Чехияның «Пльзень» және Ресейдің «Тюмень» клубтарымен 3:3 есебімен тең ойнап, Италияның «Пезаросын» 3:2 есебімен сүріндірді.

Осылайша 5 ұпаймен өз тобында кқш бастап, жарыстың келесі сатысына шықты.

«Аньер-Вильнев» аталған сатысында қазақстандық «Атырау» командасынан 6:0 есебімен басым түскен еді.


Сурет: afckairat.kz


Соңғы жаңалықтар