Футзалдан Қазақстан кубогының финалында «Қайрат» пен «Жетісу» ойнайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футзалдан Қазақстан кубогының финалистері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитеті сайтына сілтеме жасап.

Финалистер - «Қайрат» пен «Жетісу». Алматылық клуб жартылай финалда Ақтөбелік командадан басым түскен еді. Өз кезегінде «Жетісу» қарсыластары «Аят» командасын 1/2 есебімен жеңген болатын.

Финал 18 желтоқсанда өтеді.

Соңғы жаңалықтар