+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Футзалдан ҚР құрамасы мен бас бапкер әлемдегі үздік номинанттардың тізіміне енді

2020 жылғы 22 наурыз 22:54
Бөлісіңіз:
Футзалдан ҚР құрамасы мен бас бапкер әлемдегі үздік номинанттардың тізіміне енді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Кака, команда ойыншылары Игита мен Тайнан 2019 жылғы Futsalplanet Awards нұсқасы бойынша футзалдан әлемнің үздіктері номинанттарының қатарына кірді.

Ұқсас жаңалықтар
«Алматы» хоккей клубының бас бапкері қызметінен кетті Асхат Аймағамбетов ата-аналармен және  ұстаздармен онлайн-кездесу өткізеді Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері әрі «Қайрат» футзал командасын басқаратын Кака «2019 жылдың үздік клуб бапкері» атағы бойынша номинанттар тізіміне енген. Оған клуб командаларына жұмыс істейтін 9 маман бәсекелес болып отыр.

2018 жылы Кака испандық «Интер Мовистар» командасындағы әріптесі Хесусу Веласкоға жол беріп аталған номинацияда екінші орын алған еді.

Қазақстан құрамасының қақпашысы «2019 жылғы әлемнің үздік голкипері» атағынан үмітті. 26 жастағы шабуылдаушы Тайнан болса әлемнің үздік ойыншысы атағын жеңіп алуы мүмкін.

Еске сала кетейік 34 жастағы Игита бұл номинацияны үш мәрте (2015, 2016 және 2018 жылдары) жеңіп алған болатын. Тайнан болса бұл тізімге бірінші рет еніп отыр. Futsalplanet Awards номинацияларының жеңімпаздары 2020 жылдың 26 наурызында жарияланады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT