+7 (701) 759 90 19
USD 420.65 EUR 505.03
RUB 5.64 CNY 65.01
Jańalyqtar

Ғаламшар тұрғындарының 60%-дан астамы климаттың өзгеруі адамзатқа қауіпті деп атады

2021 жылғы 27 қаңтар 14:01
Бөлісіңіз:
Ғаламшар тұрғындарының 60%-дан астамы климаттың өзгеруі адамзатқа қауіпті деп атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жер шары тұрғындарының 60 пайыздан астамы климаттық өзгерістерді адамзат үшін үлкен қауіп пен төтенше жағдай деп санайды. Бұл БҰҰ Даму бағдарламасы мамандарының Оксфорд университетінің сарапшыларымен бірлесіп өткізген сауалнама нәтижесінде анықталған.

Ұқсас жаңалықтар
Сеул тұрғындарының саны соңғы 30 жыл ішінде алғаш рет 10 млн-нан азайды Түркістан әуежайына барар жол бойына қара өрік отырғызылды Италия вакцинаға күш бермейтін коронавирус мутациясы табылғанын мәлімдеді

Зерттеуге 50 елден 1,2 млн жуық адам қатысты. Респонденттерге климаттың өзгеруі жаһандық төтенше жағдай болып табыла ма және олардың климаттық саясаттың алты сала: экономика, энергетика, көлік, өндіріс және азық-түлік өнімдерін пайдалану, қоршаған орта және адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі 18 басты бағытты қолдай ма деген сұрақ қойылды.

Сұрау қорытындыларына сәйкес, қатысушылардың 64 пайызы климаттағы өзгерісті жаһандық төтенше жағдай деп санайды.

«Сұрау қорытындысы ұлты, жасы, жынысы мен білім деңгейіне қарамастан, бүкіл әлемдегі елдердің адамдары климаттың өзгеруіне қарсы күрес жүргізудің шұғыл шараларын қолдайтынын көрсетіп отыр», - деп атап өтті БҰҰ ДБ әкімшісі Ахим Штайнер.

Айта кетсек, 14 қаңтарда NASA жыл сайынғы баяндамасында 2020 жыл Жер бетіндегі температураның төртжылдық мерзімінің рекордын қайталағанын мәлімдеген болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT