Ганада екі автобус соқтығысып, 16 адам қаза тапты

None
None
ПРЕТОРИЯ. ҚазАқпарат – Жұма күні Гана шығысында екі автобустың соқтығысуы салдарынан кем дегенде 16 адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат MyJoy Online жаңалықтар порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Жол апаты Асафо-Акын қаласының жанында, түнгі сағат 1:30 шамасында болған, салдарынан 16 адам оқиға орнында қаза тапты. Жарақат алғандар бар, олар ауруханаға жеткізілді. Портал оқиға орнында түсірілген фотосуреттерді жариялады. Екі автобус та соққыдан қатты зақымдалған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жол-көлік апатына бір автобустың күре жолдың қауіпті учаскесінде екіншісін абайламай басып озуы себеп болды. Полиция жол-көлік апатының себептері мен мән-жайын тергеуге кірісті.


Соңғы жаңалықтар