Ғарышқа ұшқан жапониялық туристер Жерге оралады

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – Халықаралық ғарыш станциясының (ХҒС) ұшу бағдарламасына сәйкес, 2021 жылдың 20 желтоқсанында «Союз МС-20» басқарылатын кемесінің аппараты Жерге қонады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жерге экипаж мүшелері – Роскосмос ғарышкері Александр Мисуркин мен ғарыш сапарына қатысушылар жапониялық Юсаку Маэзава мен Йозо Хирано оралады.

Еске сала кетейік, жапониялық туристер «Союз МС-20» ғарыш кемесімен Байқоңырдан 2021 жылдың 8 желтоқсанында ұшқан болатын.

Кеше, 17 желтоқсан күні, ХҒС бортында 20-шы экспедицияның командирі Роскосмос ғарышкері Александр Мисуркиннің бастамасымен бадминтон ойны өтті. Ойынға ХҒС-тың экипаж мүшелері мен жапониялық туристер – миллиардер Юсаку Маэзава мен оның көмекшісі Йозо Хирано қатысты.

«Союз МС-20» кемесі мен Халықаралық ғарыш станциясының ресейлік сегментінің «Поиск» модулі арасындағы өтпелі люктің жабылу сәті 2021 жылдың 20 желтоқсаны күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 00:20 мен 01:30 аралығында тікелей эфирде көрсетіледі.





Авторы: Сара Қабиқызы


Соңғы жаңалықтар