USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Геннадий Головкин алдағы жоспарларымен бөлісті

2021 жылғы 25 қараша 13:20
Бөлісіңіз:
Геннадий Головкин алдағы жоспарларымен бөлісті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орта салмақтағы қазақстандық чемпион Геннадий Головкин Yahoo! Japan тілшісіне 29 желтоқсан күні өтетін Риота Муратамен айқасынан кейінгі жоспарымен бөлісіп, спорттағы мансабын аяқтаған соң не істейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Гандболдан әлем чемпионаты: Қазақстан жарыстың келесі сатысына шықты Ертең Щучинскіде бокстан әйелдер арасында ҚР чемпионаты басталады Гандболдан әлем чемпионаты: Қазақстан қыздары Иранмен кездеседі

- Әрине, қазір сіз Риота Муратамен болатын жекпе-жекке дайындық үстіндесіз. Дегенмен осы айқастан кейін қандай да бір жоспарларыңыз бар ма?

- Менің қалауым – Отаныма оралып, Жаңа жылды жақындарыммен қарсы алу. Муратамен болатын жекпе-жектің маңызы соншалық, қазір одан басқа ештеңе ойлай алмаймын.

- Келесі жылы сіз 40 жасқа келесіз. Зейнетке шыққаннан кейін немен айналысатыныңыз туралы ойландыңыз ба?

- Мен әлі күнге дейін кәсіби боксшымын, сол себепті әзірге бұл сұраққа жауап беруге дайын емеспін. Мен үшін бұл жаңа бастама болады деп ойлаймын. «40-та өмір енді басталады» дейді ғой. Сол сияқты менің жұмысым көп болады. Бәрінен бұрын, отбасыммен уақыт өткіземін. Отағасы ретінде менің алаңдайтын күндерім әлі алда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT