Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ESPN телеарнасының бұрынғы журналисі Дэн Рафаэль қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) күзде шаршы алаңға оралып, IBF титулына міндетті үміткер поляк Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) кездесетінін растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Головкин келесі жекпе-жегін күзде өзінің міндетті үміткеріне қарсы өткізеді. Көреміз», — деп жазды Рафаэль Twitter парақшасында.

Бұған дейін Шереметаның промоутері Анджей Васильевски Головкин командасы жекпе-жекті қазан немесе қараша айында өткізуді жоспарлап отырғанын айтқан болатын.

Бір қызығы, бұл айқас бірнеше рет кейінге шегерілді, ал тамыздың ортасы жекпе-жектің соңғы жоспарланған күні болып саналған еді.


Соңғы жаңалықтар