Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі көктемде өтетін болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі көктемде өтетін болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Негізі, әу баста 37 жастағы қазақстандық спортшы рингке 8 немесе 29 ақпанда оралады деген жоспар болған. Дегенмен, польшалық Камил Шереметамен өтетін титулды айқас 28 наурызға белгіленді. Шеремета IBF желісі бойынша Головкиннің міндетті қарсыласы, ал жекпе-жек АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Чикаго қаласында өтуі мүмкін.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин өткен жылдың қазан айында украиналық боксшы Сергей Деревянченконы жеңіп, өзінің IBF белбеуін қайтарып алған болатын.









Соңғы жаңалықтар