Германия ресейлік газсыз 2,5 ай шыдай алады - ГФР билігі

None
None
БЕРЛИН. ҚазАқпарат – Германияның Федералды желілік агенттігінің басшысы Клаус Мюллер ел осы қыста екі жарым ай бойы ресейлік газсыз өмір сүруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Энергетика министрлігі өкілінің айтуынша, Германиядағы газ жағдайы тұрақты. Бірақ тұтынушылар үшін оның бағасы үш есе өседі деп болжануда.

Германия бейсенбіде төтенше газ жоспарының екінші кезеңіне өтті, бұл газ тасымалдаушылардың жоғары шығындарды тұтынушыларға аударуына мүмкіндік береді. Бірақ тек неміс энергетикалық агенттігінің ресми мақұлдауымен ғана болады.

К. Мюллер егер Германия жоспардың үшінші кезеңіне енсе, бұл елдің газ өнеркәсібі үшін түбегейлі салдарға әкелетінін атап өтті. Бұл кезеңде Федералды желі агенттігі газды энергетикалық компанияларға қарағанда жеке үй шаруашылықтарының пайдасына таратады.

Германия және ЕО-ға мүше басқа мемлекеттер Ресей мұнайына эмбарго енгізгенімен, Берлин Ресей газын импорттауға тыйым салудан бас тартты.

Өзінің энергетикалық стратегиясын ресейлік көздерден әртараптандыру үшін Германия жақында Қатармен газ серіктестігіне қол қойды. ГФР, сонымен қатар экологиялық мәселелерге қарамастан өзін-өзі қамтамасыз ету үшін көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларын іске қосуда.


Соңғы жаңалықтар