Германияда синагоганың жанында атыс болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Германияның шығысында орналасқан синагоганың жанында атыс болды. Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, екі адам опат болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сәрсенбі күні белгісіз біреу Галле қаласында (Саксония-Анхальт федералдық жері) автоматтан оқ жаудырған.

Оқыс оқиға салдарынан екі адам мерт болды.

«Қолда бар деректер бойынша екі адам қаза тапқан. Оқ жаудырғандар автомобильге мініп, ізін суытқан», - деп жазды қалалық полиция Twitter-де.

Тәртіп сақшылары тұрғындардан пәтерінен шықпауын, оқыс оқиға болған жерде жүрмеуін ескертіп жатыр.

Bild газетінің жазуынша, атыс синагоганың жанында болған. Белгісіз біреу еврейлер жерленген молаға гранат та лақтырған.

Одан кейін Галле түбіндегі Видерсдорф елді мекенінде де атыс болған. Бірақ ол туралы толықтай ақпарат жоқ.

Полиция атыс болған жерді қоршауға алды.

Deutsche Bahn концерні атысқа байланысты қаладағы теміржол вокзалын жапқанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар