Германияда жүргізуші велосипедшілерді қағып кетті, зардап шеккендер бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Күдікті өз әкесін өлтіріп, артынша төрт велосипедшіні қағып кеткен, олардың бірі қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.

Жексенбі күні Германияның оңтүстік-батысындағы Мангейм қаласында жүргізуші төрт велосипедшіні қағып кетті. Үш адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, 71 жастағы бір әйел қайтыс болды. Күдікті қатты зақымдалған көлігін тастап, Рейн өзеніне секіріп қашпақ болған.

37 жастағы ер адамды іздестіру және ұстау үшін құқық қорғау органдары полиция тікұшағын және өзен полициясын тартты.

Полицияның мәліметінше, оқиғадан аз уақыт бұрын ұсталған ер адам Мангеймнен батысқа қарай 16 шақырым жерде орналасқан Рейнланд-Пфальц штатындағы Эллерштадт қаласында әкесін өлтірді деген болжам бар. Тергеу жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар