Головкин Азияның ең танымал 5 боксшысының қатарына енді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – DAZN стриминг сервисі Twitter-дегі аккаунтында ең танымал азиялық бес боксшының есімін атады. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Үздік бестікке жапондық Наоя Иноуэ мен Кадзуто Иока, филлипиндік Нонито Донейр мен Марк Магсайо, сонымен қатар қазақстандық Геннадий Головкин енді. Жасалған коллаждың астында «Азия – континент жұлдыздары» деп жазылған.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин жақында Азия боксы тарихындағы ең ірі айқасқа қатысады – 9 сәуір күні ол орта салмақтағы WBA Super әлем чемпионы Риота Муратамен Сайтамда (Жапония) рингке шығады. Бір қызығы – Наоя Иноуэ жапондық көрсетілімнің комментаторы болады.


Соңғы жаңалықтар