Головкиннің айқасын 2020 жылы болатын үздік жекпе-жектер тізіміне енгізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Complex.com сайты осы жылдың үздік айқастар тізімін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Оған қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің алда күтіліп отырған үшінші айқасы да кірген. Басылым редакциясы оны үшінші орынға қойды. Бірінші орында Теренс Кроуфорд пен Эррол Спенстің жекпе-жегі тұрса, екінші орынды Василий Ломаченко мен Джервонта Дэвистің айқасы алған. Сондай-ақ, үздік айқастардың алғашқы бестігінде Джош Тейлор — Хосе Рамирес пен Энтони Джошуа — Александр Усик жекпе-жектері бар.

Еске салайық, Головкиннің Альвареспен бірінші айқасы даулы тең нәтижемен аяқталса, екінші кездесуде мексикалық төрешілердің басым бөлігінің дауысымен жеңіске жеткен еді.



Соңғы жаңалықтар