Головкиннің бокс қолғабы 6 млн теңгеге сатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Burabike 2018 қайырымдылық велошеруі аясында өткен аукционда қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің қолтаңбасы қойылған бокс қолғабы 6 млн теңгеге сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайырымдылық шарасы аясында ұйымдастырылған аукционда  Г. Головкиннің қолтаңбасы қойылған қолғабы 6 миллион теңгеге сатылды. Одан өзге аукционда теннисші Зарина Диастың қолтаңбасы қойылған теннис ракеткасы, Б.Шүкенов атындағы қордың атынан əншінің жеке əндер жинағы, "Асыл Мирас" аутизммен ауыратын балалар орталығының картиналары жəне тағы басқа қомақты дүниелер қойылды.

Бұған дейін Бурабайда дəстүрге айналған Burabike 2018 қайырымдылық велошеруі басталғанын айтқан болатынбыз. Қайырымдылық қорынан түскен қаржының барлығы балалар ауруханасына қажетті жабдықтар алуға жұмсалады. 

 

 

Фото: RoundbyRoundBoxing.com

Соңғы жаңалықтар