Головкиннің қарсыласы өзінің жеңіске жету мүмкіндігі туралы ашық айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Польша боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) өзінің қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) айқасында жеңіске жететіндігіне ешкімнің сенбейтіндігін мойындады, деп хабарлайды Sports.kz.

«Мен жаттығуымды жалғастырудамын және дайындалудамын. Өйткені бұл мен үшін мүмкіндік. Жұрттың 99,9% менің Головкинді жеңетініме сенбейтіндігі мені еш толғандырмайды.

Мен үшін ең бастысы маған сенетін - 0,01% жанкүйерім, отбасым, әйелім, балаларым бар. Алға қойған мақсатым, арманым бар, мен соған ұмтылудамын»,- деді Шеремета.

Айта кетсек, Головкин мен Шереметаның жекпе-жегі тамыз айында, Чикаго қаласында (Иллинойс штаты, АҚШ) өтеді деп күтілуде.


Соңғы жаңалықтар