Головкиннің келесі жекпе-жегі өтетін жер мен күні белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орта салмақ санатында бұрынғы Еуропа чемпионы, польшалық Камил Шереметаның промоутері Анджей Василевский орта салмақтағы IBF чемпионы Геннадий Головкинмен айқасуға дайын екенін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

5 қазан күні Шеремета Нью-Йоркте болған Головкин – Деревянченко бокс кешінің андеркардында кездесу өткізіп, мексикалық Оскар Кортесті екінші раундта нокаутпен жеңген еді.

«Біз дайынбыз, Камил Шеремета тәкаппар спортшы. Ол GGG сияқты бокс аңызымен жекпе-жек өткізуді армандайды. Бұл әрі оның мақсаты», - деді Василевский The Ring-ке берген сұхбатында.

Промоутердің айтуынша, жекпе-жекті 8 немесе 29 ақпанда, қалың поляк диаспорасы отырған Чикагоның Wintrust Arena-сында ұйымдастыруға болады.

Соңғы жаңалықтар