Гонконгта оқушылар мен ұстаздар күн сайын коронавирусқа тест тапсырады

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытай Халық Республикасының Сянган арнайы әкімшілік ауданының билігі (САРС, Гонконг) оқушылар мен педагогтерден күн сайын коронавирусқа тест тапсыруды талап етеді. Бұл туралы дүйсенбі күні Сянган әкімшілігінің басшысы Кэрри Лам брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Кэрри Ламның айтуынша, дәстүрі форматтағы оқу басталғаннан кейін оқушылар мен ұстаздар күн сайын коронавирусқа тест тапсыруы тиіс. Сабаққа COVID-19 нәтижесі теріс шыққан оқушылар мен мұғалімдер ғана қатысады.

Оқушылар арасында КВИ-ге тест тапсыруға арналған тегін 10 млн жиынтық таратылады.

Жергілікті денсаулық сақтау органының мәлімдемесінде вакцина алмаған оқушыларға спорт және музыка сияқты сабақтан тыс үйірмелерге қатысуға рұқсат етілмейді.

Егер оқушылар арасында коронавирус жұқтырғандар саны 5% асса, дәстүрлі форматтағы оқуды тоқтату мәселесі қаралады.

Гонконгте 20 сәуірден бастап жоғары сынып оқушыларына, ал мамырдан бастап бастауыш сынып оқушыларына сабақ басталады.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, Гонконгте 12-19 жас аралығындағы жасөспірімдердің 80% коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсынан өтті. Бұл көрсеткіш 3-11 жастағы балалар арасында 30% құрайды.

Ресми деректерге сәйкес, 10 сәуірдегі жағдай бойынша Гонконгте 1 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырып, 56-сы қайтыс болған.

Гонконгте қауіпті індетке шалдыққандардың жалпы саны 1,19 млн адамнан асты, қайтыс болды - 8 557 науқас.


Соңғы жаңалықтар