«Grand Slam» турнирі: Бүгін қазақстандық үш балуан белдесуге шығады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Германияның Дюссельдорф қаласында дзюдодан әлемдік «Grand Slam» бәсекесі басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерлер мен әйелдер арасында өтетін әлемдік рейтингтік турнирге Қазақстан сапынан 17 татами шебері қатысады.

Бүгін, яғни жарыстың алғашқы күні дзюдошылар арасында ерлерден 60 және 66 келі салмақтағы балуандар өзара мықтыны анықтаса, әйелдерден 48, 52 және 57 келіге дейінгі салмақтағы балуандар сынға түседі.

Қазақстандық татами шеберлерінен бүгін ерлер арасында 60 келі салмақта Дәурен Сүйеукенов пен 66 келіде Ерлан Серікжанов ел намысын қорғамақ. Ал әйелдерден 52 келі салмақта Анна Казюлина татамиге шығады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін аталған «Grand Slam» додасында сынға түсетін қазақстандық татами шеберлерінің есімдерін жариялаған болатынбыз.

Жарыс 23 ақпанда мәресіне жетеді.


Соңғы жаңалықтар